KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Облыс орталығында «ақылды» бағдаршамдар орнатылады

23.10.2013, 18:00 160


Өскемен қаласында таяуда көпфункционалды бес бағдаршам орнатылады. «Ақылды» үш түсті бағдаршамдар бір мезгілде өзінің тікелей қызметімен қоса жылдамдықты анықтап, сыртқа бақылау жасайды. Жол сақшылары осындай құрылғылардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзушылармен күресуге болады деген пікірде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа бағдаршамдардың көмегімен қылмыскерлерді іздестіру де әлдеқайда жеңілдемек. Өйткені құрылғылар түсіріп алған деректер бірден жедел басқару басқармасына келіп түседі. Сонымен қатар аспапқа қажетті көліктің нөмірін кіргізсе, құрылғы заң бұзушыны қала көшелерінен өзі іздей бастайды.

«Қазақстанда барлығы осындай 70 бағдаршам бар. Олардың бесеуі Өскемен қаласының ең көп ереже бұзу тіркелетін және реттеуге қиындық туғызатын көше қиылычстарында орнатылады. Құралдарды сатып алу мен орналастыруға қаражат республикалық бюджеттен бөлінді», дейді облыстық жол полициясы басқармасының аға инспекторы Ақгүл Атудинова.

Өскемен қаласында «ақылды» бағдаршамдар төмендегі мекенжайларға орнатылады:

Абай-Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысы,
Ақмер кентінде (жаңа бағдаршам орнатылған жерде),
Сәтпаев даңғылы – Жібек жолы көшесі,
Мызы-Протазанов көшелерінің қиылысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив