KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

«Шығысым бар Алтай таудың кеніндей...» атты шығармашылық кеш өтеді

22.10.2013, 18:00 235


28-қазанда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, жерлесіміз, Жарма ауданының тумасы Саят Қамшыгердің «Шығысым бар Алтай таудың кеніндей...» атты шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі кітапхананың баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Саят Қамшыгер Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін 1999 жылы үздік аяқтаған. 2005 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші болып еңбек еткен. Қазір республикалық «Мөлдір бұлақ» журналында бас редактордың орынбасары.

1996 жылғы «Поэзия көктемі» жыр мүшәйрасының жеңімпазы, 1998 жылы «Жұлдыз» журналы ұйымдастырған Артығали Ыбыраев атындағы жас ақындар мүшәйрасының, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мүшәйраның, Астананың 10 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның, «Алаш және рух» жыр мүшәйрасының жүлдегері.

Ақын өлең мазмұнына сай пішін іздеп, мүмкіндігінше түрлендіре білген. Оның көркем де жеңіл өлеңдері кіршіксіз адал сезімге суарылған.

Шығармашылық кешке ақынмен бірге Алматыдан Халықаралық «Алаш» әдебиеті сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Әлібек Шегебай, «Ұлан» газеті бас редакторының орынбасары Серікбол Хасан, аудармашы, қытай тілінің маманы Сержан Тоқтасынұлы, дәстүрлі әнші Саят Нұрғазин сияқты танымал ақын-жазушылар мен өнер шеберлері қатысады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив