KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Екі мектеп оқушысы жаяу жүргіншілер өткелінде жарақат алды

21.10.2013, 18:00 128


Өскемен қаласында бір күнде екі мектеп оқушысы жаяу жүргіншілер өткелінде жарақат алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясының мәліметіне сілтеме жасап.

Лексус RX-350 көлігінің жүргізушісі таңертең мектепке бара жатқан 6 жастағы қыз баланы Сәтпаев даңғылының бойындағы реттелмейтін жүргіншілер өткелінде қағып кетті. Оқушы қыз алған жарақаттарымен облыстық ана мен бала ауруханасына түсті.

Осы күні кешке Сәтпеав-Өтепев көшелерінің қиылысындағы реттелетін жүргіншілер өткелінде тағы бір оқушы жарақат алды. 12 жастағы жасөспірім Мазда-626 көлігінің доңғалақтарының астына түсті. Рөлде 27 жастағы жүргізуші отырған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив