KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
448.81 476.82 4.77

«Отүкен» журналы мемлекеттік тапсырыспен шығуы мүмкін

20.10.2013, 18:00 149


Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті мәжілісі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған филиалдың төрағасы Нұржан Қуантайұлының және Жазушылар одағының өңіріміздегі Серік Ғабдоллаұлы, Мүсілім Құмарбекұлы, Борис Щербаков және т.б. мүшелерінің қатысуымен өткен мәжілісте республикалық «Отүкен» журналын мемлекеттік тапсырыспен шығару, басылымға авторлар тарту, филиал мүшелерінің құрамын толықтыру секілді мәселелер талқыланды.

Басқосу барысында филиал мүшелері тарапынан журналда елге, жерге, көне тарихымызға қатысты мәселелер қозғалса, басылымның сапасын арттыру үшін еліміздің басқа өңірлерінен де авторлар тарту жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныстар айтылды.

Мәжілісті қорытындылаған облыстық филиал төрағасы айтылған ұсыныс-тілектердің барлығы ескеріліп, «Отүкен» журналының мемлекеттік тапсырыспен шығуына қолдау жасалатынын, қаламгерлердің де мерейтойлары назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив