KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Мәдениет ошақтарының жөндеу жұмыстарына 121 миллион теңге бөлінді

19.10.2013, 18:00 202


Аягөз ауданының мәдениет ошақтарына жалпы сомасы 121 миллион теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Осындай қамқорлықтың пайдасы тиді ме екен, өткен жылы аудан өнерпаздарының табыстары айтарлықтай болды. Мәдениет сарайының драма үйірмесі «Халық театры» атағын қорғаса, халық аспаптар оркестрі Астанада өнер көрсетті. Ал талантымен талайды тамсандырған Ақшәулі ауылының өнерпаздары жаңа бағдарламамен жақын аудандарды аралап, өнер көрсетпек.

Биыл біраз ауылдық округтердің мәдениет үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Айталық, бұрынғы аудан орталығы болған Баршатас ауылындағы 500 орындық мәдениет үйі аудан бюджетінен арнайы бөлінген 20 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өтуде. Онымен астаналық «Терме-ост» жөндеу-құрылыс мекемесі айналысуда. Заманында талай талантты тәрбиелеген халық театры бар өнер шаңырағы көптен жөндеу көрмей, жүдеп тұрған болатын. Сондай-ақ, Өскеменнің «Строймонтаж-дизайн» фирмасы аудан орталығындағы мәдениет сарайын және Ақшәулі мен Айғыздағы мәдениет үйлерін жөндеуден өткі-зіп, ол жарықтандыру техникаларымен қамтамасыз етілетін болды.

Бүгінде аудан бойынша 22 мәдениет ошағы жұмыс істейді. Олардың барлығында мәдени-танымдық үйірмелер мен кітапханалар бар. Алайда, бәрі ойдағыдай деп айту артық болар еді. Қайсыбір ауылдық әкімдіктерде мәдениет үйлері жоқ. Ауыл жастары мен өнерпаздар мектеп ғимараттарында жұмыс істеуге мәжбүр.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рая Төкенбайқызының айтысына қарағанда, бұл салаға алдағы жылы да қомақты қаржы бөлінетін сияқты.

Қадырбек Кәкімұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив