Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектердің үлесі ер-азаматтардың санынан артық. Өңірде
мемлекеттік қызметке тартылған әйелдер саны 57,6 пайызға тең, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлотың берген мәліметтеріне сілтеме жасап.
Облыстың бас мемлекеттік қызметшісінің айтысына қарағанда, аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 43 жас. Оның тоқсан пайызға жуығы – жоғары білімді. Атқарушы органдарда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 13 түлегі және «Болашақ» бағдарламасының 1 түлегі қызмет етеді. Биыл мемлекеттік қызметке жаңадан 591 адам келген.
Бүгінгі таңда Шығыстағы мелекеттік шенеуніктердің нақты саны 7180 болса, олардың ішінде 7 – саяси мемлекеттік қызметші, 25 – «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшіcі бар екен.