KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Өскемен-Қостанай» әдеби телекөпірі

12.10.2013, 18:00 184


А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық және Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапханалар арасында тұңғыш рет әдеби телекөпір өткізілді. Телекөпірге кітапханашылар, ақын-жазушылар, филолгия, журналистика факультетінің студентері, оқытушылар қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өзінің көркімен, тума табиғатымен талайды тамсандырған шырайлы шығыс өңірі Қостанай өңіріне өзінің талантты ақын-жазушыларын таныстырып, қостанайлық қаламгерлердің лебізін тыңдады. Кездесу барысында екі жақ әдебиет пен мәдениет туралы пікір алмасып, өскемендік «Шабыт», қостанайлық «Таза бұлақ» ақындар мектебі, жас ақындардың қадам алысы, бүгінгі кітап оқу мәселесін сөз қылды. Біздің жақтың кеш қонақтары- белгілі журналист, Өскемен қаласының, Зайсан ауданының Құрметті азаматы О. Елубай, ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі- Бақытжан Райысова, бірнеше раеспубликалық, облыстық жыр мүшәйрасының жүлдегері жас ақын Қызықбек Дүргенбай, ШҚМУ студенті, қазан айында Алматыда өткен өнер фестивалінің 2- орын иегері, жас ақын Жандос Аманжолұлы болды.

Оңдасын Елубай Шығыс өңіріндегі ақын-жазушылар, олардың әдеби ортасы, кітап шығару т.б.атқарылып жатқан іс- шараларға тоқталды.

Сонау 80 жылдары өзіне ағалық қамқорлықпен ақжол тілеген қостанайлық ақын Ғафу Қайырбековті ерекше сезіммен еске алған ақын Бақытжан Райысова өзінің жерлесі Оралхан Бөкейге арнаған өлеңін оқыды.

Жас ақындар Қызырбек пен Жандос өздерін таныстыра келе, жырдан шашу шашты.

«Өскемен-Қостанай» әдеби телекөпіріҚостанайлық ақын-жазушылар Серікбай Оспанов, айтыскер-ақын Әлпия Орманшина, ақын Салтанат Өтелбаева өздері жайлы , Қостанайдағы әдеби орта туралы сөз қозғады. Екі жақ бір-біріне сұрақтар қойып, жауап қайтарып отырды. Қостанайлық ақын Ә. Орманшина қолма-қол шығарған өлең жолдарын айтып қоштасып жатқанда, өскемендік Жандос ақын да біршумақ өлеңмен жалғастырып жіберді. Кездесу диалог түрінде қызықты өтіп, ешкімді бей-жай қалдырмады

Кездесу соңында екі жақ осындай кездесулер жалғаса берсе, енді орыс тілді жазушылар мен оқырмандарды жүздестірсек деген ұсыныстарын айтып, бір-біріне алғыстарын білдірді.


Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив