KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Семейлік жеткіншектер жастар саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысымен таныс

10.10.2013, 18:00 136


Семейде қала әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өтті.Қала әкімі Айбек Кәрімов, Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері, әкімдік бөлімдері, ЖОО, колледж, жастар ұйымдарының басшылары қатысқан басқасуда жастар саясатын жүргізу мәселелері талқыланды., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Отырыста қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Смаилова Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында мемлекеттік жастар саясатын Семей қаласында іске асыру жұмыстары туралы баяндады. Семей қаласындағы жастармен жұмыс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы мен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының негізінде жүзеге асырылып келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Семей қаласында жастар саны 92 мың адамды (жалпы қала халқының 27 %) құрап отыр. Оның ішінде қалада тұратындар саны – 86 мың 500 адам, ауылда тұратыны - 5 мың 528 адам.

Бүгінде ішкі саясат бөлімі қала және ауыл жастарын әлеуметтену (социализация) процесіне тарту, оларды қоғамдық-саяси өмірге жұмылдыру бойынша кешенді шаралар қабылдап отыр. Жоғарыда аталған әлеуметтену үрдісіне жастарды барынша тарту мақсатымен 2013 жылы қалалық бюджет есебінен жастар саясатын жүзеге асыруға 17,2 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға көп. Қазіргі таңда қалада арнайы Жастар орталығы құрылып, жұмыс істеуде. Орталықтың басты мақсаты - барлық жастарды топтастыру, олардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне жәрдемдесу, жастар арасындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтау үшін тиісті шараларды қабылдау.

2013 жылдың басынан бері жастар саясатын іске асыру бойынша 200-ге тарта іс-шара өткізілді («дөңгелек үстелдер», әңгімелесулер, лекциялар, семинарлар, дебаттық турнирлер және т.б). Бұл іс-шаралардың алдына қойған басты мақсаты – «Жаңа қазақстандық патриотизмді» нығайту.

Семейлік жеткіншектер жастар саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысымен таныс«Балалар және жасөспірімдер Шығыс Қазақстан облыстық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалы басшысының міндетін атқарушы Эльзира Жүнісова Кеңес мүшелерін жастардың мемлекеттік жастар саясатына қанағаттану деңгейін зерттеуге бағытталған әлеуметтік зерттеудің қорытындыларымен таныстырды.

Әлеуметтік зерттеудің мақсаты - жастардың мемлекеттік жастар саясатына қанағаттану деңгейі мен жастар ұйымдарындағы жастардың үлесін анықтау. Социологиялық сұрақ-жауап нәтижесі қала жастарының дені жастар саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысынан хабардар екендігін көрсетті.

Семейлік жеткіншектер жастар саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысымен танысБаяндамашылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеңес мүшелері отырыс сұрақтарына қатысты өз пікірлерін білдірді. Конструктивті диалог нәтижесінде Семей қаласында жүзеге асырылатын жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелер сарапталды. Қаланың жастар ұйымдары, студент жастармен жұмыс жүргізуді жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив