KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Заңгерлердің кеңесін алды

9.10.2013, 18:00 231


Үржар ауданы азаматтарының құқықтық сауаттылық деңгейлері көтерілді. Бұған аудандық әділет басқармасының қызметкерлері мен нотариустардың қатысуымен өткен «Әділет кеңес береді» акциясы себепші болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық әділет басқармасының басшысы Ғ.Табанов бастаған ақпараттық-насихат тобы Бестерек, Елтай елді мекенінде болып, жергілікті тұрғындар арасында құқық түсіндіру және кеңестік жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде барлық өтініш білдірген азаматтарға, заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсетіліп, кеңестер мен заңнама нормаларына түсініктемелер берілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив