KZ
Өскемен
+3°
дождь жел 2,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Оңай байығысы келгендер 12 жылға бас бостандығынан айырылады

9.10.2013, 18:00 126


Қазақстанда қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойылады. Бұл проблема Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен өткен жиында талқыланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Парламентке ұсынылған «Қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы» Заң жобасына сәйкес алаяқтықпен айналысқан компаниялар қатаң жазаға тартылатын болады.

Мәселен, елді алдап-арбап, заңсыз жолмен тауарларын сатқан заңды немесе жеке тұлғалар 1 мыңнан 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Не болмаса 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар, қаржы пирамидаларының заңсыз қызметін жарнамалаған ақпарат құралдары да соттың шешімімен белгілі деңгейде жауапқа тартылмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив