KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Кәсіподақтар аллеясы Өскемендегі этноауылда ашылады

6.10.2013, 18:00 139


Өскемендегі этноауылда «Кәсіподақтар аллеясының» іргесі қаланады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл шара кәсіподақтар күні мерекесіне орай қолға алынады.

Мұнымен қоса кәсіподақтар арасында түрлі спорт түрлері бойынша сайыстар, «Еңбек адамы» фотокөрмесі ұйымдастырылуда.

Кәсіподақтар күні 10-қазанда Қазақстанда үшінші мәрте аталып өтпек.

Барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мереке қарсаңында салтанатты жиындар мен басқосулар өткізіліп, кәсіподақ белсенділері мен ардагерлері, үздік еңбеккерлер марапаттарға ие болады.

Шығыс Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің құрамына 14 салалық облыстық кәсіподақ ұйымы, 7 аумақтық комитет және 7 тікелей қызмет көрсететін кәсіподақ комитеті енеді. Кәсіподақ мүшелерінің саны 166 мыңнан асып жығылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив