KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жобалар қолға алынған

3.10.2013, 18:00 337


Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада мүгедек жандарға арналған жаңа жобаның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.

Бұл іс-шараға Семей қаласы әкімдігі, «Көмек» ассоциациясы, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Семей аймақтық филиалы, «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы, «Тіршілік үміті» мүгедектер қоғамдық бірлестігі өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мүгедек жандарға қызмет көрсету – бүкіл әлемде ерекше мән берілетін мәселе. Кітапхананың мүгедектерге көрсететін әлеуметтік көмегі, ең алдымен, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық маңызды ақпараттарды беру, сұраныстағы кітаптарды таңдауға көмектесу, ұсыну және жеткізу болып табылады.

Кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жобалар қолға алынғанКітапхана қызметкерлері телефон арқылы сұрақ-жауап алып, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы кітапхананың қажеттілік деңгейін айқындады. Сөйтіп, 2013 жылдың 10 қыркүйегінде Абай атындағы кітапхана арбалы-мүгедектерге үйлерінде кітапханалық қызмет көрсету үшін «Книгоноша» әлеуметтік жобасын бастады. Кітапхана қызметкерлері әзірше 28 адамның үйлеріне барып, қызмет көрсетеді.

Бұдан басқа кітапхананың әлеуметтік-мәдени бағдарламасы келесі үйірмелер мен оқу курстарынан тұрады: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған компьютерлік орталық, ағылшын тілін үйрету бағдарламасы, фотосурет студиясы, спорттық секциялар.

2013 жылдың 30 қыркүйегінен бастап мүгедек адамдарды компьютерлік сауаттылыққа үйрететін бағдарлама басталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив