KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Ипотека құлдырап барады

3.10.2013, 18:00 173


Шығыс Қазақстанда ипотекалық несие көлемі бір айдың ішінде 1,3 миллиард теңгеге түсіп қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі «Ranking.kz» сараптама қызметінің деректеріне сілтеме жасап.

Ипотека құлдырап барады. Қазақстанда тамыз айында рынок 2% отырып қалды.

Елімізде баспана сатып алу мен салу үшін алынатын бөлшек несиенің көлемі 17,8 миллиард теңгеге азайды.

Ипотека көрсеткішінің еліміздің 13 аймағында төмендегені аңғарылады.

Шығыс Қазақстанда ипотекалық несие көлемі бір айдың ішінде 1,3 миллиард теңгеге түсіп қалды. Қазақстанның ең ірі қалалары Астанада 3,2 миллиард теңгеге азайса, Алматыда ипотека көрсеткіші 6,8 миллиард теңгеге кері кетті.

Қазақстандық банктердің ипотекалық қарызының жалпы көлемі 833,6 миллиард теңге белгісіне дейін түсті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив