KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2,6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскеменде жоғары медициналық технологиялық орталық салынады

26.09.2013, 18:00 85


Өскеменде жоғары медициналық технологиялық орталық салынады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаев кореялық «Каннам Северанс» клиникасының өкілдерімен бірге осы және Шығыста жүзеге асырылатын басқа жобаларды талқылаған болатын.

Облыс орталығында кардиологиялық орталық және басқа да бірнеше медициналық мекеме ашу жоспарланды.
-Құжаттарда көрсетілген қаражат сомасы көңіл көншітерлік, - деп атап көрсетті аймақ басшысы. - Осының бәрін іс жүзіне айналдырған жөн. Бірнеше траншқа бөлуді ұсынамын. Осы жоспардың бәрін 2014 жылдан бастап үш жыл ішінде іске асыруға болар деп ойлаймын.

Жаңа орталық жоғары технологиялардың қайнар көзі болмақ. Мұнда күрделі хирургилық оталар жасалып, ортопедиялық көмек көрсетілмек. Жаңа технологиялар онкологиялық ауруларды емдеуге қатысты да қолданылатын болады.

Бұл орталықтағы жоғары технологиялық медициналық көмекті тек Шығыс Қазақстанның тұрғындары ғана емес, сонымен қатар ықпалдастық аймақтары - Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарының тұрғындары да көре алатын болады.

Жобалар Ертістің сол жақ жағалауында, облыс орталығының жаңа тұрғын аудандарында орын табады. Бұл маңайда бес жыл ішінде 20 мыңға жуық пәтер салу көзделіп отыр.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив