KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Тұрмыстық газ баллондарын толтыру кезінде автоцистерна өртенді

26.09.2013, 18:00 140


Өскемен қаласында тұрмыстық газ баллондарын толтыру кезінде автоцистерна өртенді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Баспасөз парағында көрсетілгендей, Базовая көшесінде орналасқан ЖШС аумағында тұрмыстық газ баллондарын толтыру кезінде ЗИЛ 441810 газовозы мен қасында тұрған, баллондарды тасымалдауға арналған ГАЗ-53 көлігі тұтанды.

Тұрмыстық газ баллондарын толтыру кезінде автоцистерна  өртендіГАЗ-53 автокөлігінің кузовында 20 газ баллоны болған, абырой болғанда кабинаның жанатын бөліктері ғана өртенген. Бұдан кейін қызыл жалын бөлек жерде орналасқан, ішінде көгілдір отыны бар 14 ыдыстың 4-уіне ауыз салған. Тілсіз жау жоғарыдағы екі көліктен басқа тағы 4 ыдыстағы газды, маңайдағы қураған шөп, барлығы 750 шаршы метр жерді тып-типыл етті.

Тұрмыстық газ баллондарын толтыру кезінде автоцистерна  өртендіТілсіз жаумен күресуге жеке құрамның 75 құтқарушысы мен техникалары жұмылдырылды.

Өрт газ құрылғыларын орналастыру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау немесе технологиялық процесті бұзу салдарынан шығуы мүмкін деген болжамдар, кінәлілер тексеріліп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив