KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын «Fresh Market» гастрономы ашылды

26.09.2013, 18:00 207


27-қыркүйекте Өскемен қаласында ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын «Fresh Market» гастрономы ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дүкен израильдік инвестордың қаржыландыруының арқасында фермерлер өз өнімдерін делдалдардың қызметінсіз тікелей сатуы үшін әдейілеп салынған. Ғимаратта азық-түлік өнімдерін сақтауға, тасымалдауға және сатуға барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Таяуда бұл жерде наубайхана мен сыра дайындайтын цех іске қосылмақ.

Гастрономның жалпы аумағы 5200 шаршы метр, ал жабдықталған бір орынды бір айға жалға алу бағасы фермерлер үшін 30-50 мың теңге төңірегінде.

Ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын «Fresh Market» гастрономы ашылдыЖаңа гастрономның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев біздің тұрғындардың сапалы тамақ ішулері қажеттігін, сондықтан да кәсіпкерлерге өнімдерін тікелей саудалауға жағдай жасалғанын атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, сауда орталығының жанынан көп ұзамай автобус аялдамасы мен жаяу жүргіншілер көпірі салынбақ.

Ауылшаруашылық өнімдерін саудалайтын «Fresh Market» гастрономы ашылдыСонымен қатар өңір басшысы жаңа гастрономдағы баға базар құнынан 15 пайыз кем болатынын, бұл жағдайдың облыс әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынатынын ескертті. Фермерлердің жалға төлейтін бағасы да назардан тыс қалмақ емес.

Гастрономда жәрмеңкелер мен өнімдер фестивыальдері ұйымдастырылатын болады. Ал фермерлер өз тараптарынан өнімдердің қашан да сапалы әрі дәмді болатынына сендірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив