Өскемен
+3°
пасмурно ветер 3 м/с, СЗ
457.29 490.35 5.97

Малайзияда монах та таңдаудан өтеді

25.09.2013, 18:00 48 0


Малайзия - сұлтан жетекшілік ететін, бірегей ел. Бұл мемлекет Британия отарынан азат етіліп, бар-жоғы жарты ғасырда әлемдік саясат, экономика саласында елеулі жетістікке жетіп, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дамыған елге, дәлірек «Азиаттық жолбарыстар»дың біреуіне айналды.

2010 жылғы мәлімет бойынша оның ЖІӨ 414,1 миллион долларды құрады (30-шы орын), ал адам басына шаққанда – 14,7 мың доллар (57-ші орын). Көптеген батыс елдері стагнация жағдайында болған уақытта, Малайзия қарқынды даму үстінде. Оның әр жылдық экономикалық өсуі алты-жеті пайызды құрайды.

Бұл мұсылман елі табиғи қорларды пайдалану арқылы ғана табысқа кенелген жоқ. Малайзия мұнай, газ, қалайы кені және сирек кездесетін металдармен ғана бай емес, ол дер кезінде жоғары технологиялық өнімнің өндірісіне, әсіресе, электроника саласына мөлшерлеме салды. Оның дамуында миллиондаған қарыздар да рөл атқарды. Даму үшін қаражаттың жеткілікті болуы елдің өркендейтінін білдірмейді – шет елден келген қаражаттар жарты жолда жоқ болатыны да белгілі. «Үшінші әлем» елдері, соның ішінде азиаттықтар, оған қоса монархиялық пайымдар сыбайлас жемқорлықпен аты шыққан – сәтсіздік бағдарламаландырылған секілді. Алайда шет елден келген ақша шенеуіктердің қалтасына түспей, қазір елге кіріс әкелетін салалардың дамуына жұмсалды.

Малайзия мемлекетінің ерекше жүйесінің көмегімен, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетілді, онда тіпті монах таңдаудан өтеді – жоғарғы басқарушы. Оны елдің тоғыз штаты басқаратын сұлтандар мен радждардың ішінен таңдайды. Мемлекетті басқарудың негізгі функциясын таңдалатын демократиялық парламент және үкімет жүзеге асырады.

Малайзия тәуелсіздікті алған жылдары өте кедей, болашағы жоқ ел болды! Шет елдік инвесторлар осы жағдайларға, айналадағы таңдауларға қарамастан неліктен осы елге қызығушылық танытты? Иә, онда жұмыс күші арзан болатын, бірақ Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг ұсынатын сапа жағынан артта қалды: Малайзия ұсынатын еңбек дәстүрлері, көрші елдер сияқты тәртіпті және көнгіштікті қарастырмады. Дегенмен трансұлттық корпорациялар - Siemens, Hitachi, Hewlett-Packard, Palo Alto Networks – осында кәсіпорындарын ашып, тіпті, осы жерге өздерінің ғылыми-зерттеу орталықтарын көшіре бастады. Оларды не еліктірді?


Ел-фабрика

Шындығында, Куала-Лумпурда ештеңе әзірленбеді. Олар басқаларға қарап, дәл солай етіп қайталайтын. Сингапурды үлгіге алып, елде ерекше салық салу және бизнесті енгізу шарты бойынша экспортты-өндірістік аймақ жасалды. Егер онда жұмыс істейтін жұмысшылар шет елге 80% тауарды жеткізсе, онда ол толығымен шет елдік компанияға тиесілі болар еді. Басқаларына жергілікті әріптестерге сүйену керек болатын болды. Бос аймақта немесе технопарктер заңдастырылып, компания ғылыми құрал-жабдықтарды және құрамдас бөліктерді бажсыз кіргізуге құқылы болды. 70% кірісті ҒЗТКЖ салып, фирмалар салықтан босатылды және амортизациялық жеңілдіктерге ие болды. Бірнеше жылда 20-дан аса осындай аймақтар пайда болды, ал технопарктер және кластер саны 200-ге жетті.

Малайзияның 1981-2003 жылдар аралығындағы премьер-министрі Махатхир Мохамад, дамудың бұл стратегиясын «Шығысқа бағдарлау» (Look East Policy) деп атады. Ол көршілес елдерді қайталау тәжірибесін ғана меңземеді, сонымен бірге олармен қызмет ету мақсатын да білдірді.

Малайзияда монах та таңдаудан өтеді

Жаңа кәсіпорындар үшін шикізат және құрамдаc бөліктер импортталып, ал дайын өнім шет елге жеткізілгендіктен, Малайзия фабрика еліне айнала бастады. Осы жерде электротехникалық және электрондық өндіріс құралғаннан кейін, компаниялар 80-85%-ға әкелінетін майда-шүйделерге мұқтаж болатын және олардың барлық өнімдері экспортқа кететін, «Өркендеу үлгісі (Сингапур, Малайзия, Тайланд, Индонезия)» деген кітабында РҒА шығыстану Институтының ғылыми аға қызметкері Людмила Пахомова. Жартылай дайын өнімді және микрочипті өндіру кезінде, фабрика — ел автокөліктерді шығаруды, мұнай-химиялық жабдықтарды, компьютерді, тұрмыстық техниканы тез меңгеріп алды.

1996 жылы Малайзия экономикалық бәсекелестікке қабілетті елдердің үздік үштігіне кірді. Сарапшылар Малайзиялық керемет жөнінде сөз қозғап, оны «Азиаттық айдаһар» деп атай бастады.

Қазіргі Малайзияның ауылшаруашылық экспорты жоғары болса да, оны аграрлы ел деп айта алмаймыз. Бүгінде Малайзияның кен өндіруші және өңдеуші өнеркәсібі қарқынды дамуда, ғылымды қажет ететін өндіріс сандары да өсуде.

Бұл елдің үкіметі ХХ ғасырдың 70-ші жылдары, білімге салған мөлшерлемеге байланысты бүгінде Малайзия ұлттық білім беру стандарттары бойынша елдің дамуына бағдарлауда. 2020 жылы жоғарғы білімді адамдар саны 40% жетеді деген болжам бар. Ал қазір бұл көрсеткіш 29% тең.

2020 жылға дейін $444 млрд ЖІӨ үш есе арттыратын жобаларға салыну жоспары бар.

Елде барлық аймақты интернетпен қамту, ядролы энергетиканың дамуы, Куала-Лумпурдан Сингапурға дейін созылатын темір жол вокзалын салу жоспарланды.

Мемлекет қорларды азаматтар табысының көбеюіне, әлеуметтік кепілдіктерге, білім беру саласына одан бетер мықты қолдау көрсетуге бұрды. Айтпақшы, Малайзиядағы ұстаздар мен оқытушылар – өте сыйлы және бағынышсыз адамдар.

Нұрбек БЕКЕНОВ,
Арнайы «Altaynews» интернет-газеті үшін,
Малайзия, Куала-Лумпур




Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив