KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Тиімді тәжірибені көпшілікке таратқан жөн

23.09.2013, 18:00 202


Соңғы үш жылдан бері Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығына инновациялық тәжірибелерді енгізуге азды-көпті 193 млн. теңге жұмсалды. Биыл 81 млн. теңге бөлінген. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отырған «Инно-
вациялық тәжірибелерді тарату және жетілдіру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы аясында қазір 12 жоба іске асырылып жатыр. Оның бесеуі егін шаруашылығына қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында ШҚ облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов мәлімдеді.

Солардың бірі – «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-інде іске асырылып жатқан облыстағы күнбағыс тұқымдарының өнімділігін арттыру жобасы мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Екімбаев» шаруа қожалығымен бірлесе атқарылып жатқан элиталы картоп тұқымын өндіру жобасы. Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығында, «Багратион» шаруа қожалығында, өзге де шаруашылықтарда күнба-ғыс дақылының түсімін арттыратындай жер-сіндірілген, батыстық тұқым түрлеріне тән мол өнім беретіндей етіліп жетілдірілген жаңа тұқым түрлері алынып жатыр. Жаңа тұқым түр-лерінің шығымдылығы жоғары болғанымен, бағасы өзіміздікінен анағұрлым қымбат, біздің ауа райына төзімсіз батыстық майлы дақыл тұқымдарына деген тәуелділіктен құтылтып, өңір шаруашылықтарын арзан әрі өнімді тұ-қыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұқым сапасын арттыруға арналған РЕТКUS компаниясының тұқым тазалағыш қондырғысының желісі Қазақстанда алғашқы болып майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығына сатылып алынып отыр.

Облыс әкімі жерден мол өнім алудың жағдайын жасау керектігін, күнбағысты да, картопты да егіс көлемін арттырып емес, олардан алынатын өнім түсімін молайту есебінен көбейту қажеттігін айтты.

- Шемонайха ауданында неміс технологиясымен гектарынан 50-60 тонна картоп алып жатқан шаруашылық бар екенін көрдік, осындай шаруашылықтар негізінде семинар өткізіп, тиімді тәжірибені көпшілікке таратқан жөн, – деді облыс әкімі.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив