KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Қамкөңіл жандарға жәрдемдеседі

20.09.2013, 18:00 141


Жарма ауданында мүгедектерді оңалтуға және қоғам өміріне жан-жақты араласуына жағдай жасау үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта аудандағы 318 мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызілікті қарттар арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған. Арбаға таңылған адамдардың мініп-түсулеріне ыңғайлы көтергішпен жабдықталған арнайы көлік алынды. Бұл көлік арбадағы мүгедекті, мүмкіндігі шектеулі балаларды, он сегіз жастан асқан өз еркiмен жүрiп-тұруы қиын кембағал жандарды ауруханаға, медициналық мекемелерге апарып-алып қайтуға арналған.

Жыл басынан бері әлеуметтік қызметкерлер мүгедектерді жекелей оңалту бағдарламасы аясында 28 адамға протездік-ортопедиялық құралдар, құлағы кеміс және көзі нашар көретін 11 мүгедекке қажетті құралдар алуларына жәрдемдесті. 31 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Мүмкіндігі шектеулі алты адам шипажайларға жіберілді. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 52 мүгедек балаға жалпы жиыны 3676 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Әлімжан Қадылбекұлы


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив