KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Өскеменде аса қатыгездікпен кісі өлтірген қылмыскерлер ұсталды

19.09.2013, 18:00 138


ШҚО полиция қызметкерлері 30 жастағы ер адамды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен Өскеменнің екі тұрғынын тұтқындады , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17-қыркүйекте ШҚО ІІД-нің жедел басқару орталығына Өскемен қаласының тұрғынынан 16-қыркүйекте таңғы 8-де жұмысқа кеткен күйеуінен осы уақытқа дейін ешқандай хабар жоқ екені туралы хабар түскен.

Хабар түсе салысымен облыс орталығының полиция қызметкерлері жоғалған азаматты дереу іздеуге кірісті.

Сол күні жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Өскемен қаласының маңындағы Опытное поле кентіндегі мола жанынан 30 жастағы ер адамның көптеген пышақ жарақаттары бар денесі табылды.

Бірнеше сағаттан кейін облыс орталығының бұрын тонау үшін сотталған 25 жастағы тұрғыны осы ауыр қылмысты жасады деген күдікпен қолға түсті. Сот санкциясымен ол қазір қамауға алынды.

Жедел –тергеу шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы бір өскемендік тұтқындалды.

Тергеу тобы қазір қылмыстың егжей-тегжейі мен жасалу себебін тексеріп жатыр.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив