KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Форумға алғаш рет ШҚО ауылдық округтердің әкімдері қатысады

19.09.2013, 18:00 214


Өскемен қаласында 24-қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының «ҮЕҰ және мемлекет – тең деңгейде тілдесу» атты форумы өз жұмысын бастайды. Форумға алғаш рет ауылдық округтердің әкімдері қатысады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Форум бағдарламасын пленарлық отырыс ашып, ол үкіметтік емес сектор дамуының өзекті мәселелері бойынша сұхбат алаңдарына ұласады. Онда үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылы жөніндегі Тұжырымдамалық құжатты талқылау, қоғамдық ұйымдар мен бастамашыл азаматтардың жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге қатысуы (ауылдық округтердің әкімдері үшін), үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылы (мемлекеттік органдардың өкілдері үшін) мәселелері қаралады.

Жергілікті жерлерде азаматтарды шешімдерді қабылдауға тарту мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылап, енгізу үшін Форумға бірінші рет ауылдық округтердің әкімдері қатысады.

Бүгінгі таңда облыста 800-ден астам коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар өз қызметтерін жүзеге асыруда, олардың 200-ден астамы белсенді қызмет етуде.

Үкіметтік емес ұйымдар мен биліктің өзара іс-қимылының маңызды бөлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру болып табылады. 10 жыл ішінде «үшінші секторды» қаржылық қолдау көлемі біршама артты. Егер 2003 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға 2,0 млн. теңге бөлінсе, бүгінгі таңда ол сома 279 млн. теңгеден асады.
Бүгінде үкіметтік емес ұйымдарды бағдарламаларды әзірлеп, іске асыруға, әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге кеңінен тарту мемлекеттік органдардың күнделікті тәжірибесіне айналған. 2013 жылдың басынан бері ғана Қоғамдық кеңестің 35 отырысы, жұмыс сараптамалық топтың денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, білім беру мәселелері бойынша 17 отырысы өткізілді.

Облыстың үкіметтік емес ұйымдары халықаралық және шетелдік ұйымдармен белсенді ынтымақтастықта. Облыста барлығы 300 млн. теңгеден астам сомаға шамамен 30 халықаралық жобалар іске асырылуда.

ЮСАИД-пен, Дүниежүзілік даму банкімен, ЮНЕСКО-мен, ЮНИСЕФ-пен, БҰҰДБ-мен және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге әлеуметтік бағдарламалар кешені тұрақты түрде іске асырылып отырады.

Өткен жылдар ішінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы жүйелі сипатқа ие болып үлгерді. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттің тең серіктесі ретінде қарайды.

Форумға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Сағадибекқызы Соловьева мен Қазақстан Азаматтық Альянсының вице-президенті Артур Платонов қатысады.

Облыстың үкіметтік емес ұйымдарының форумы Өскемен қаласындағы этнографиялық ауылда өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының
ҮЕҰ жұмыс бөліміне хабарласуға болады, тел. 57-86-51

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив