KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы - Шығыс өңірінде

18.09.2013, 18:00 302


Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобының шығыс өңіріндегі екінші күні қызмет барысында қаза болған ІІО қызметкерлерінің ескерткішіне топ басшылығының гүлтәж қоюымен жалғасын тапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы - Шығыс өңіріндеСалтанатты рәсімге қаза болған қызметкерлердін отбасы мүшелері, ШҚО ІІД бастығы полиция генерал-майоры Жақыпов Р.Т., ардагерлер, департаменттің жеке құрамы қатысты. Бір минут үнсіздік пен үш рет дүркін атудан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні айтылып, шағын митинг өткізілді.

Сонымен қатар, митингте ІІО және ІӘ ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Н.Ғ. Үдербаев сөз сөйледі. Ақпараттық-насихатшы топқа сәттілікпен қатар, топтың келуі шығыс Қазақстан полициясының қызметтік әрекетінің жақсаруына, халық арасында полиция имиджінің көтерілуіне ықпал ете беруін тіледі.

- Шығыс Қазақстан облысында маңызды шара өтуде. Ішкі істер министірінің бастамасымен олар мұнда Қазақстан халқына Елбасы Жолдауын меңгеруге көмек ету мақсатымен келді. Біз бұл бастаманы қолдаймыз, себебі ол тек Шығыс Қазақстанның полиция жеке құрамына ғана емес, бүкіл Қазақстан полицейлеріне қажет және мерзімді уақытында жасалып жатқан шара, – деді ШҚО ІІД ардагерлер ұйымының төрағасы.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы - Шығыс өңіріндеТоп басшылығы ІІД, ҚАЖД, МКҚБ, ЖІІБ және Өскемен қалалық ІІБ ардагерлерімен және жеке құрамымен кездесті. ҚР ІІМ кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Құрымбаев Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ойын түсіндірді. Өз баяндауында полиция қызметіне тікелей қатысты міндеттерге толық тоқталып өтті. ІІМ алдында қылмыскерлікпен күрестің нәтижелілігін көтерумен қатар, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мақсаты қойылатындығын айтып ескертті.

Білікті, жанжақты дамыған, ілтипатты полиция қызметкері еркін де егеменді еліміздің бір бөлігі болуы тиіс. Жеке құрамның тәрбие жұмысын бір сатыға жоғары көтеріп, қызметкерлерді мемлекеттік идеологияда тәрбиелеу, азаматтық бейбітшілік және халықаралық келісім, қазақстандық жаңа Отансүйіспеншілік және еліміздің тарихының жауапкершілік сезімін тәлім-тәрбиеде үлгі-өнеге қылып көрсету бүгінгі парыз екенін тағы бір мәрте еске салды.

Қазақ елінің көшбасшысы-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлін түсіндіру үшін белгілі мақсаттағы үгіт-насихат жұмыстарымен қатар, жеке құрамның жоғары тарихи санасын қалыптастыруға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық мәдениет пен көп ұлтты Қазақстанның салтдәстүріне қатыстыруға арналған шаралар өткізу керек.
Әлеуметтік-құқықтық оқу жүйесінде бірнеше сабақтар еңселі Еліміздің негізгі жетістіктерін насихаттау, ішкі істер органдарының құқықтық тәртіп және елдің қауіпсіздігін, оның ішінде діни идеологиясының экстремизмге қарсы әрекетті қамтамасыз ету бағытында өтілуі тиіс.

Ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін сақтау және дамыту бойынша мақсаттандырылыған жұмыс жасалу керек. Оның ішінде, ішкі істер органдарының ардагерлер ұжымы ерекше орын алады.

- Аға буынның ерлік дәстүрін жалғап, жеке құрамның Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ең біріншіден жас Қазақстандық полиция қызметркелерінің тәрбиесінде қалыптастыру керек. Жеке құрам өз елін мақтан тұтып және бағалап, өз мамандығын бағалап, өз-өзін, әріптестерін, Отандастарын құрметтеп, оларға қызмет етіп және берген Антына берік болуға міндетті. Біздің асыл міндетіміз-Қазақстан полициясының жас ұрпағын өз өмірін пида еткен ерлік пен батырлық үлгісінде тәрбиелеу, - деп ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары Руслан Құрымбаев атап кетті.

Кездесу барысында қызмет бабында қаза тапқан бірқатар сақшылардың отбасына ІІМ атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді. Өскемен қ. Үлбі полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры Сүбебаев Ерболат, ШҚО ІІБ аға тергеуші милиция капитаны Нұрбаев Әлібай, Тарбағатай АІІБ жол полициясының бөлімінің бастығы полиция капитаны Мұрымбаев Жәлелхан және ШҚО ІІД жол полициясының инспекторы полиция старшинасы Көшембаев Ерболат мәңгілікте ІІМ еске алу кітабында және Шығыс Қазақстан облысының ескеркішінде оюланып жазылған.
Сонымен қатар, ІІМ бұйрығына сәйкес бірнеше адам ішкі істер органдарының оңды имиджін қалыптастыру, полиция қызметкерлерінің патриоттық тәрбие жұмысында үлес қосқаны үшін және ақпараттық-насихаттау топқа үлкен үлес қосқаны үшін марапатталды.


Ақпараттық-насихаттау топтың жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бойынша жүзеге асырылды.
Аталған шара жергілікті атқару жүйелері басшылығының, «Нұр Отан» ХДП, құқық қорғау органдарының, қоғамдық қайраткерлердің және ардагерлердің қатысуымен өтті.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы - Шығыс өңіріндеАқпараттық-насихатау топтың қатысушыларың ХДП «Нұр Отан» облыстық филиаланың бірінші орынбасарының төрағасы Т.Т.Түсүпбеков қарсы алды. Түсіпхан Тұсіпбекұлы ІІМ өкілін қоғамға маңызды және ауқымды жұмысты атқарғаны үшін шексіз ризашылығын білдірді. Ол мемлекеттің нығайуына полицияның үлесі, идиологиялық тәрбиенің маңызы зор екенін атап өтті. Ақпараттық-насихаттау топтын мүшелеріне Т.Түсіпбеков облыстық филиалда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен, онын ішінде полицейлермен ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінін және өзге құқық бұзушылықтардын алдын алу бойынша тұрақты негізде бірлескен рейдтер өткізіп тұратынын атап өтті.

Облыстық филиалға келіп түсетін хаттар мен өтініштер арасында прокуратура органдарына, сот, полиция өкілдеріне қатысты шағымдар болатынын Түсіпхан Түсіпбекұлы құлағдар етті. 4700 өтініштің 25% құқық қорғау органдарының жұмыстарына қатысы барын, өкімет өкілдері тарапынан әділдікпен адалдық болған жағдайда ғана халықтың сенімін арттыра алатынын айта кетті.

«Дөңгелек үстел» барысында ҚР ІІМ Кадр жұмысы Департаментінің орынбасары полиция полковнигі Құрымбаев Руслан сөз сөйледі:
-Жоғары кәсіби, жанжақты дамыған, мәдени және білімді полиция қызметкері Егеменді еліміздің бөлшегі болуы тиіс деп білеміз. Елбасымыздың жаңа Жолдауының бағдарламалық мақсаттарының жемісті болуы тек бізге, біздің түсінігімізге және қойылған мақсаттарға белсенді қатысуымызға тәуелді, - деді Руслан Қуандықұлы.

Дөңгелек үстел барысында топ мүшелері Елбасының және ішкі істер министрілігінің қойған міңдеттерін атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысы аясында Қазақстан полициясының оң имиджін қалыптастыруға қосып жатқан үлесі үшін Ішкі істер министрі атынан Түсіпхан Түсіпбекұлына және ШҚО ІІД жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Амангелді Қажыбаевқа арнайы мақтау қағазы және ескерткіш сыйлықтар ұсынды.

–Шыны керек, бірде бір мемлекеттік органда Елбасы Жолдауын насихаттауда нақты істерге құрылған осындай ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатқан жоқ. Әр органнан құрылған ақпараттық топ тек қана кездесулер өткізумен, Елбасы Жолдауын насихаттап, халыққа түсіндірумен шектеледі. Ал мынадай кешенді іс-шаралар, оның ішіне идеологиялық, саяси, патриоттық, көркемөнерді қамтитын үлкен бағдарламамен, үлкен құраммен насихаттауды Ішкі істер министрлігі ғана жыл басынан бері әр өңірлерде арнайы сапарлармен жүзеге асырып келеді. Сондықтан сіздерге зор алғыс айтамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Түсіпхан Түсіпбеков.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив