KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Полиция қызметінің ардагерінде қонақта болды

18.09.2013, 18:00 113


Ішкі істер министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобының Шығыс Қазақстан облысындағы іс-сапары Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органының ардагері Жарылғапов Ұлықпан атаның үйіне қонаққа барудан басталды. Қонақтар бос келген жоқ, Ішкі істер министірлігінің атынан ақсақалға көпсалалы шаңсорғыш табыс етілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз мәліметіне сілтеме жасап.

Келесі жылы Ұлықпан ата өзінің 90 жасқа толу мерейтойын тойлайды. Ұлғайған жасына және соғыста алған жарақаттарына қарамастан отставкадағы милиция майоры денсаулығына шағымданбайды. Ұл-қыздары және жеті немересінің махаббаты мен қамқорлығына бөленген құрметті ардагер облыстық және қалалық ІІД басшылығы әлеуметтік көмек жасап отыратындығын да айтып өтті. ҚР ІІМ КЖД бастығының орынбасары Руслан Құрымбаев Ұлықпан Жарылғаповқа естелік сыйлықты табыс етіп, ардагерлердің соғыстағы жауынгерлік ерліктері мен бейбітшілік кезіндегі милициядағы зор еңбектері туралы жас ұрпақтар есінде ұмытылмайтындығына сендірді.

Осы күнде зандылық пен құқықтық тәртіптің күзетінде жүргендердің алдында бұл адамдар ерліктің, ұлтжандылықтың және қайсарлықтың үлгісі болып қала бермек. Сонымен қатар полиция полковнигі үлкен өкінішпен сол бір қатал соғыстың ортасын жарып өткен, барлық қиыншылығы мен мұқтаждығын көрген ішкі істер органдарының ардагерлері өте аз екенін, сондықтан ІІО ардагерлік ұйымдарды үнемі қолдап, қолдан келерлік көмектерін көрсететіндігін айтты. Ақпараттық-насихат топтың жетекшісі Ішкі істер министрінің атынан Ұлықпан Жарылғаповқа ұзақ өмір және келесі жылы 90 жыл мерейтойын лайықты атап өтуін тіледі.

Өз кезегінде милициядағы қызметіне ғұмырының ширек ғасырын арнаған ақсақал қонақтарға разылығын білдіріп, полиция қызметкерлеріне батасын берді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив