KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Локомотивтерден дизельдік жағар майды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

18.09.2013, 18:00 147


Локомотивтерден аса ірі мөлшерде дизельдік жағар майды ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ Шығыс Қазақстанда әшкереленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық қаржы полициясы департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, Семей қаласының тұрғыны А.Қарабаев басқарған, құрамына оның жақын туыстары мен «Локомотив» АҚ Семей эскплуатациялық локомотив депосы филиалының қызметкерлері кірген қылмыстық топ 2012-2013 жылдары 56,7 тонна дизельдік жағар май ұрлаған.

Тергеу кезінде анықталғандай, «Локомотив» АҚ Семей эскплуатациялық локомотив депосы филиалының локомотив машинистері құжаттарға жалған мәлімет енгізу арқылы жағар майдың жұмсалуын жоғарылатып көрсетіп, артық мөлшерін қалыптастырып отырған.

Одан соң «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесінің диспетчерлері алдын-ала сөз байласу арқылы локомотивтердің темір жол тупиктерінде рұқсатсыз тоқтатылуын ұйымдастырған. Онда машинистер жағар майды күтіп тұрған бензовоздарға құйған. Шамамен 200-ден 2000 литр жағар май құйылып отырған.

Осылайша ұрланған жағар майды қылмыстық топ мүшелері Жұмаханов пен Қарабаевтың басшылығымен Семейдегі жағар май стансаларына сатуға жеткізіп отырған.

Қылмыстық топ мүшелерінің үстінен ұрлау, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оның қызметіне қатысу факілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Бұдан бұрын сот санкциясымен топтың белсенді мүшелері Жұмаханов пен машинист Мананов қамауға алынған болатын, 11- қыркүйекте топ басшысы Қарабаев қамалды. Топтың тағы 7 мүшесі ешқайда кетпеу туралы қолхат берді.
Қазір осы қылмыстық істерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив