KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Көлік апатының көрсеткіші өткен жылмен салыстарғанда 83,6 пайызға артып отыр

17.09.2013, 18:00 167


Жыл басынан бері ШҚО-ның аумағында 648 жол-көлік апаты тіркелді. Жол оқиғаларында 31 адам қаза тауып, 761 адам әртүрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол басқармасының ақпараттарына сілтеме жасап.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда көлік апатының көрсеткіші 83,6 пайызға артып отыр. Жаяу жүргіншілер жолдарында қозғалыс ережелерін сақтамаудың кесірінен 116 бақытсыз оқиғаға жол берілсе, онда 4 адам көз жұмып, 124 жүргінші жарақаттанған.

2012 жылмен салыстырғанда жол апатының осы түрі 78,5 пайызға өсті, ал жараланғандардың саны 96,8 пайызға көп. Өлім көрсеткіші 33,3 пайызға төмендепті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив