KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өрттен 55 жастағы әйелді көршілері құтқарып қалды

15.09.2013, 18:00 238


Риддер қаласында жеке меншік үйде шыққан өрттен көршілері 55 жастағы әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілердің берген мәліметіне сүйенсек, оларға дабыл сағат 10.43-те келіп түскен. Оқиға орнында үйдің жиһаздары, едені мен жеке заттар, барлығы 9 шаршы метр аумақ отқа оранғаны белгілі болды.

Құтқарушылар келгенше көршілері тілсіз жаудың құрсауында қалған әйелді далаға алып шығып үлгеріпті.Зардап шеккен әйел дене күйіктерімен, ауыр халде 1-қалалық ауруханасына жеткізілді. Оның ішімдік ішкені анықталды.

Өрттің шығу себебі ретінде мас кезінде шылым шеккен немесе отты абайсыз қолданған деген болжамдар тексерілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив