KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Нұрсұлтан Назарбаев Дүкенбай Досжанның отбасы мен туған туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

15.09.2013, 18:00 187


лбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжанның өмірден озуына байланысты оның отбасы мен туған туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24 kz телеарнасына сілтеме жасап.

Жеделхатта Дүкенбай Досжанның табиғи дарынымен жастай көрініп, әдебиет майданында тынбастан, өнімді еңбек етіп келгені атап өтілген. «Оның қаламынан туындаған әңгімелер мен хикаяттар, романдар оқырмандарын тілінің шұрайлылығымен, ұлттық бояуының қанықтығымен баурайтын», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы жазушының еңбегі әр жылдары әдебиет саласындағы жоғары мәртебелі сыйлықтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталғанын атап өтті. Елбасы қаламгердің үздік шығармалары әрдайым халқымызбен бірге жасай беретініне сенімді.

Жазушы Дүкенбай Досжан 15-қыркүйекте 71 жасқа келген шағында келместің кемесіне мінді.

Қаламгер 1942 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құланшы ауылында дүниеге келген. Дүкенбай Досжан – көрнекті жазушы, көркемсөз шебері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және М.Әуезов атындағы ұлттық сыйлықтың лауреаты, «Мәдениет» республикалық журналының бас редакторы. Жазушының «Отырар», «Фараби», «Жібек жолы» шығармалары халық жүрегіне жол тартты. Соңғы жылдары Дүкенбай ағаның «Үш тағдыр», «Балалықпен тілдесу», «Жан тәтті», «Жазмыштың формуласы», «Абайдың рухы» кітаптары жарық көрді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив