Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 3 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Брендті өнімдеріміз Астана төрінде саудаланады

13.09.2013, 18:00 23 0


Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері Астананың орталық алаңына сауда сөрелерін құрды, олар бүгін және ертең аймақтың брендті өнімдері сатылатын кезекті жәрмеңкеге қатысады , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Біздің облыс осы жолы да жоғары сапалы өнімдерін қолжетімді бағада саудалайтын болады. Аймағымыздың атынан аталмыш жәрмеңкеге Глубокое, Бородулиха және Көкпекті аудандарының үздік тауар өндірушілері аттанды.

Елорданың орталық алаңында қырық шақты әсем безендірілген сауда шатырлары орнатылды. Астана тұрғындары мен қонақтарына Шығыс Қазақстан 27 тонна бал, үш жарым тонна өсімдік майын, көп мөлшерде картоп пен көкөніс, бақша дақылдарын ұсынады. Ниет білдіргендер ірімшік пен шұжықтың түр-түрін, басқа да азық-түлік өнімдерін сатып ала алады.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив