KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
448.56 478.03 4.79

Жазушы Сұлтан Оразалин - Өскеменде

12.09.2013, 18:00 50


Өскемен қаласына ҚР-на еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы, теледраматург, әрі сыншы Сұлтан Оразалин келді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сұлтан Шәріпұлы алдымен ШҚМУ-дың филиология факультетінде журналистика мамандығын меңгеріп жүрген студенттермен кездесті. Студенттермен әңгіме түрінде өткен кездесу барысында оларға «Руханият сардары» атты деректі фильм көрсетілді. Жазушы университет кітапханасына өзінің кітаптарын сыйлады. Кеш соңында ШҚМУ-дың стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Б.А. Ерденбеков Сұлтан Оразалинге С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессорының куәлігін тапсырды.

Келесі күні құрметті қонақтың қатысуымен облыстық «Қазақстан - Өскемен» арнасында «Ашық алаң» ток-шоуы ұйымдастырылды. Оған ШҚМУ-дың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры доцент С.К.Оразалин, «Қазақстан - Өскемен» телеарнасының тұңғыш дикторы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының академигі Х.Ж.Сатыбалдина шақырылды. Ток-шоудың негізгі қатысушылары журналистика мамандығының бірінші және екінші курс студенттері болды.

Ток-шоуда жуықта ғана 55 жылдық мерейтойын атап өткен «Қазақстан - Өскемен» телеарнасының тарихы сөз болды. Басқосуда қонақтар аймақтағы журналистиканың проблемалары мен дамуын қозғады.

Кеш соңында мәртебелі қонақтың иығына дәстүр бойынша шапан жабылып, оған «Қасиетті қара шанырақ» кітабы мен «Қазақ телевизиясы» энциклопедиясы тарту етілді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив