KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Бір жол-көлік апатында 5 адам зардап шекті

12.09.2013, 18:00 91


Өткен тәулікте Өскемен қаласында жол берілген көлік апатында 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығында сағат 20-35-те Тойота Камри көлігінің 37 жастағы жүргізушісі Гагарин бульварынан Добролюбов көшесіне бұрылар сәтте қарсы келе жатқан ВАЗ-21074 көлігіне жол бермей, қақтығысып қалды. Соққы алған ВАЗ-21074 көлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, тоқтап тұрған ВАЗ-21140 көлігіне құлайды және 24 жастағы жүргіншіні қағып кетеді.

Бұл жол-көлік апатында жүргінші, жүргізуші және ВАЗ-21074 көлігінде отырған үш адам, барлығы 5 адам жарақат алды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив