KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Депо қызметкерлері жұмыссыз қалмайды

11.09.2013, 18:00 158


Защита локомотив жөндеу депосы қазанның 14-нен бастап жұмысын тоқтатады. Алайда осы мекемеде жұмыс істеп келген 162 адам жұмыссыз қалмайды. ШҚ облысының әкімі тұрғындармен болған кездесуде осылай деп сендірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесуде облыс әкіміне жағдайы қыл үстінде тұрған Защита локомотив жөндеу депосы мен ондағы жұмысшылардың ертеңі туралы да сұрақ қойылды. Белгілі болғандай, алдағы қазан айының 14-інен бұл депоның жұмысы тоқтатылмақ екен. Нәтижесінде, 162 адам жұмыссыз қалайын деп тұр. Олардың көпшілігі 50-ден асқан, яғни, зейнет жасына таяған тәжірибелі мамандар көрінеді.

Сауалды қойған азамат аймақ басшысына осы мәселеге араласып, депо қызметкерлерін жұмыссыз қалдырмауға көмектесуін сұрады.

– Бұл сұрақты қараусыз қалдырмаймыз. Мен аталмыш мәселе төңірегінде «Қазақстан теміржолы» АҚ басшылығымен сөйлесетін боламын. Жалпы, бізде бірқатар бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар. Сондықтан аталған депо қызметкерлеріне екі қолға бір күрек табылар деген сенімдемін, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.


Нұржан Кенжеұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив