KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 8 м/с, З
445.66 474.58 4.78

3 жүргіншіні қаққан жүргізуші оқиға орнынан жасырынды

10.09.2013, 18:00 146


Өскемен-Зырян тас жолының бірінші шақырымында 3 жүргіншіні қаққан ВАЗ-21102 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Жол-көлік апатының салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болды, 2 адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасының берген мәліметтері бойынша, облыс орталығына қарай бағыт алған ВАЗ-21102 автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, 3 жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккендердің бірі– 21 жастағы жүргінші жедел жәрдем көлігі кегенше оқиға орнында көз жұмды. 17 және 22 жастағы тағы екі жүргінші бас жарақаттарымен, сынықтармен жедел жәрдем ауруханасына түсті.

Ал жүргізуші болса оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 21 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол Меновное ауылының тұрғыны.

Жол сақшыларының айтуынша, жүргізуші көлікті мас кезінде басқарған. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив