KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 2,3 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Әлем омарташыларының 43 конгресіне жиналып жатыр

9.09.2013, 18:00 257


ШҚ облысының бір топ омарташылары мен осы саланың басы-қасында жүрген біраз мамандар қыркүйек айының 27-28 күндері Украина елінің астанасы - Киевте өтетін әлем омарташыларының 43 конгресіне қатысуға дайындық үстінде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Омарта шаруашылығында орын алып отырған өзекті мәселелерді көтеретін бұл конгресте біздің деле-гацияның да айтар ұсыныс, тілектері көп. Солардың бірі – «Апимондия», «Апиславия» сияқты дүниежүзі омар-ташылары ұйымдарының орта Азия мен Қазақстандағы ара шаруашылы-ғының дамуына тигізер өзіндік ықпа-лын арттырудың мүмкіндіктерін, жолдарын қарастыру. Мың рет естігеннен, бір рет көрген жөн деген, бұл маңызды басқосуға аймақтағы Михайл Гусляков, Виталий Рузанов сияқты бірнеше омарташылар да барғалы отыр, – дейді облыстық омарташылар қауымдастығының төрағасы Абзал Жұмағалиев.

Біздің омарташылар айтулы жиында ара тұқымын асылдандыруға, бал өнімдерінің түрін көбейтуге, саладағы басқа да проблемаларға орай көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап іздеп, тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив