KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 1 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Жанұя мерекесіне арналған кітап көрмесі

9.09.2013, 18:00 184


Жанұя мерекесіне орай А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапхана «Тәрбие басы-Отбасы» деп аталатын кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана қорынан алынған бай әрі түрлі-түсті кітаптардан ұйымдастырылған тақырыптық көрме Солжағалау кешенінде орналасты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанұя мерекесіне арналған кітап көрмесіКітапханашылардың айтуынша, экспозиция Барбара де Анжелистің "Секреты семейного счастья", Целуйконың "Психология современной семьи", Дейл Корнегидің "Как быть счастливым в семье" сияқты жанұя психологиясына арналған әйгілі психологтардың кітаптарынан бастау алды.

Жанұя мерекесіне арналған кітап көрмесі
Көрменің келесі бөлімін кітапхана мамандары ата-аналарға арнады. Бұл топтамаға кірген кітаптар бала тәрбиесіне арналған. Вилмы Луулдің "Главная книга о воспитании детей или о том, как помочь своему ребенку стать счастливым" немесе Райнпрехттің "Воспитание без огорчений" атты еңбектері мен басқа да көптеген басылымдардан ата-аналар өз балаларын түсініп, тәрбиелеуге қажетті кеңестер ала алды.

Жанұя мерекесіне арналған кітап көрмесіСондай-ақ әр түрлі дамытушы ойындар, мереке сценариилері, қолдан жасалған бұйымдар педагогтар қызығушылығын тудырды. Балаларға арналған түрлі-түсті кітаптар, ағылшын, неміс, орыс, қазақ тілдеріндегі энциклопедиялар, ертегілер жинақтары, ән жинақтар экспозицияның негізгі бөлігін құрады. Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарды тілдік клубтар мен шығармашылық үйірмелерге шақырды. Аталған кітап көрмесін саябақ қонақтары ықыласпен тамашалап, тіпті кейбір кітапқұмар жандар бірнеше шағын кітаптарды оқып үлгерді. Қалған әдебиеттерді кітапханадан келіп оқуға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив