KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Суицидтердің алдын алу мәселелері талқыланды

8.09.2013, 18:00 229


9-қыркүйекте Алматыда өз-өзіне қол салудың алдын алудың дүниежүзілік күніне орай суицидтердің алдын алу кезіндегі салааралық өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды. Басқосуға республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы (РППНҒПО) мамандары қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес өзіне қол жұмсау әлемдегі барлық жастағы өлімнің 20 негізгі себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайын бір миллионға жуық адам өзіне қол салудың нәтижесінде қайтыс болады. Соңғы 45 жылда өзіне қол жұмсау көрсеткіштері бүкіл әлем бойынша 60%-ға артты. Кейбір елдерде өзіне қол салу 15-44 жас аралығындағы адамдардың қайтыс болуының негізгі үш себептерінің бірі болып табылады, сондай-ақ, 10 жастан 24 жасқа дейінгі аралықтағы топтағы өлім себептерінің ішінде екінші орынды алды. Өліммен аяқталатын өзіне қол салуға қарағанда өзіне қол жұмсауға әрекеттену 20 есе жиірек орын алады.

Өзіне қол салудың ең жоғарғы көрсеткіштері әдетте егде жастағы ерлердің арасында көрініс табатын, алайда жастар арасындағы өзіне қол жұмсау көрсеткіштерінің артқаны соншалық, қазіргі таңда бүкіл мемлекеттердің үштен бірінде (дамыған да, дамушы елдерде де) жастар қауіп деңгейі ең жоғары топ болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында суицидтердің алдын алу бойынша 2012-2014 жылдарға арналған мекемеаралық әрекеттер жоспары жүзеге асырылуда. Онда түрлі мекемелер өзіне артылған міндеттер аясында осы бағытта алдын алу жұмыстарын өткізеді.

Қазақстан Республикасы халқының психикалық денсаулығын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасындағы Психикалық денсаулық қызметін дамыту және реформалау бойынша 2014-2018 жылдарға арналған салалық бағдарлама жобасы әзірленді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республиксының Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ Балалар қорымен бірлесе отырып, «Қазақстандағы балалар мен жастар арасындағы суицид жасауға әрекеттенудің таралуын, түпкі себептерін, қауіп факторларын және суицид саласындағы қорғауды зерттеу» бағдарламасын жүзеге асырып, оның нәтижесінде дәлелге негізделген нәтижелер алынды.

Зерттеу жасөспірімдер мен жастар арасында суицид жасау қаупін тудыратын келесі мінез-құлық факторларын анықтады: депрессия белгілері, мазасыздану, өлім туралы ойлау, албырттық, агрессиялық, эмоция мен мінез-құлықтағы қиындықтар, бұрында өзіне қол салуға әрекеттену, әл-ауқат деңгейінің төмендігі, аутоагрессиялық мінез-құлық, сыртқы факторларға деген психологиялық тұрақтылықтың жоқтығы, стресс және өмірдегі стресс тудырушы оқиғалар, психобелсенді заттарды пайдалану/шектен тыс пайдалану, тұлғааралық қатынастар сапасының нашарлығы, зорлық, зәбір көру, отбасындағы психикалық мәселелер және/немесе суицидтік мінез-құлық, құрдастарының түрткілеуі .

Бұл факторлардың осындай зерттеулер өткізілген елдердегі факторлардан ерекшелігі жоқ, алайда елімізде бір жасөспірім не жас адамда мұндай факторлардың бірі ғана емес, толық бір «кешені» байқалады екен.

Өзіне қол салуды алдын алу үшін денсаулық сақтау саласының шеңберінен тыс салаларда әрекеттерді қабылдау қажет екені анық. Бұл үшін денсаулық сақтау саласын, сонымен бірге, білім беру, жұмысқа орналастыру, полиция, сот, дін, заңнама, саясат және БАҚ секілді басқа да салаларды қамтитын инновациялық, кешенді салааралық тәсілдеме қажет. Мамандардың ғана емес, сонымен бірге, халықтың сауаттылығын арттыру аса маңызды, бұл өзіне қол жұмсауға және жалпы психикалық мәселелерге деген ағат пікірлерді (стигма) азайтуға септігін тигізеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив