KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жабайы жуа тергендер жазаға тартылды

6.09.2013, 18:00 190


Қызыл кітапқа енген жабайы жуа теріп жүріп, қолға түскен Черемшанка ауылының үш тұрғыны жазаға тартылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жойылудың аз-ақ алдында тұрған жабайы жуа (черемша) – Қызыл кітапқа енген өсімдік. Облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Черемшанка ауылының үш тұрғыны ағымдағы жылдың шілде айында табиғатта сирек кездесетін өсімдікті заңсыз терген.

Жуа терушілер табиғатқа қасақана зиян келтіргені үшін жазаланды. Сот үкімі бойынша олар бір жыл бас бостандығынан айырылды. Мұның үстіне кінәлі деп танылған ер адамға 549592, жанындағы екі әйелдің әрқайсысына 470710 теңгеден айыппұл салынды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив