KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Трамвайда жол жүру қауіпсіздігі ережелері талқыланды

3.09.2013, 18:00 95


Өскеменде «Абайлаңыз, балалар!» атты республикалық жедел-профилактикалық шараның аясында «Сіздің балаңыз – жолаушы» атты акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Трамвайда жол жүру қауіпсіздігі ережелері талқыландыҚала көшелерінде ерекше трамвай жүріп өтті. Шаһардағы №9 мектептің оқушылары, жол қозғалысы жас инспекторларының республикалық слетінің жеңімпаздары қоғамдық көлікте концерт қойып, жолаушыларға буклеттер таратты.

Жол сақшылары қалалықтарға балалардың жол апатында жарақаттануы туралы әңгімелеп берді. Автокөлік жүргізушілеріне балалар мекемелерінің жанынан өткенде қырағылықты асыру жайында кеңес берілді. Ал ата-аналарға балаларды жолдар жүру қауіпсіздігіне үйрету түсіндірілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив