KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Абайлық жастар «Табиғатты аялайық» акциясына жұмылды

3.09.2013, 18:00 106


Абай аудандық Жастар орталығының бастамасымен «Табиғатты аялайық» атты акция ұйымдастырылды. Бұл акцияның мақсаты аудандағы қасиетті орындарды, тарихи, мәдениет ескерткіштерінің маңын шашылған қоқыстардан тазарту болып табылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алғашқы сенбілік бүгінде жұртшылық жиі баратын Би-ата кесенесінен басталды. Киелі орынның маңы осыған дейін ұқыпсыздық пен құнтсыздықтан әбден былығып кеткен еді. Сенбілікке шыққан жастар Би-ата кесенесімен бірге осы жердегі мешіт пен қонақүй маңын қоқыстан тазартып шықты.

Одан кейін олар кесене іргесіндегі Оспан көліне барып, ол маңайды да қоқыстан арылтты. Акция соңында жастар көлге түсіп, табиғат аясында демалды.
Алғашқы акцияға жиырмадан астам жас қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив