KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Жастар Ата Заң жайлы терең мағлұмат алды

1.09.2013, 18:00 182


Өскемендегі орталық қалалық кітапханада Конституция күні меркесіне орай «Өміріміз - Ата Заңның аясында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Көрмеге атаулы күнге қатысты кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Кітапхана фойесінде оқырмандар үшін Конституция күніне арналған слайдтық көрсетілімдер мен бейнефильмдер ұсынылды.

Бір айта кетерлігі, мұндай шара орталық кітапхана желісіне қарасты барлық бөлімшелерде өткізілді. Аталмыш кітап көрмесін оқырмандар қауымы, оның ішінде жас жеткіншектер тамашалап, өздеріне мол мағлұматтар алды.

Бұл шараның кейінгі буынның отаншылдық сезімін күшейтудегі ықпалы зор екені сөзсіз.

Гүлбаршын Абылгазинова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив