KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Кен байытудың технологиясы жетілдендіріліп келеді

1.09.2013, 18:00 179


«Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарының арасындағы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Жезкент кен байыту фабрикасы және кәсіпорындардың басшылары арасында осы фабриканың директоры Рашид Өтегенов үздік деп танылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл фабрикада кен байытудың технологиясы үнемі жетілдендіріліп, қолданысқа енгізіліп жатыр. Соның нәтижесінде кен жынысынан мырыш айыруда тиімділігі жоғары қондырғылар қолданылуда. Өндірісті толықтай механикаландыру бағыттарындағы жұмыстар іскерлікпен жүргізілуде. Сондай-ақ, мыс-қорғасын концен- тратының сапасы жақсарып, экономикалық тиімділігі арта түскен.

Байытушылар концентраттарды өңдеуде және кенді байыту кезінде металдарды жекелеп таза айыру ісіне көп көңіл бөліп келеді. Әсіресе, шикізатты кешенді пайдаланудың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету бағытында көптеген шараларды жүзеге асырып жатыр.


Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив