KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Стоматологиялық емхана Семей қаласында ашылды

31.08.2013, 18:00 149


Семейде «Жан-ЕР» медициналық орталығына қарасты «Ер-Стом» стоматологиялық емханасы салтанатты түрде ашылды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мұнда медициналық қызмет көрсетудің еуропалық озық үлгілері топтастырылып, жоғары білікті үздік мамандар қызмет етеді. Келушілердің көңілінен шыққаны – осында заманауи медицинаның озық құрал-жабдықтарымен тіс емдеудің, салудың, протездеудің барлық түрлері қолға алыныпты.

Ең бастысы – үлкендермен қатар мектепке дейінгі кішкентай балалар да бұл жерде тістерін емдете алады. Халықтың әлеуметтік тобына қарай арнайы қарастырылған жеңілдіктер де бар.

Сонымен бірге, аталмыш емхананың барлық қызмет көрсетуі және құжаттық айналымы заманауи «Электрондық емхана» жүйесі бойынша жүргізілмек. Қазір мұнда 44 жұмыс орны ашылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив