KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Электр қуатын өндіру саласындағы шығын 14% төмендейді

30.08.2013, 18:00 169


«Электр қуатын үнемдеу - 2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 1,1 трлн. теңгені құрайтын 78 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңадан қабылданған бағдарлама электр қуатының тиімділігін 30% арттырып, оны өндіру саласындағы шығынды 14% төмендетуді көздейді.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы тоқ күшінің тиімділік коэффициентін көтеріп, бір шаршы метр үшін оны пайдалану мөлшерін 30%-ға дейін азайту, құрылыс және электр қуатын қажет ететін өзге салаларда электр энергиясын пайдалану талаптарын күшейту сынды бірқатар мәселелер қарастырылған.

Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті 1,1 трлн. теңге қаржының 145 млн. теңгеден астамы республикалық бюджеттен, 10 млн. теңгеге жуығы жергілікті бюджеттен, қалғаны кәсіпорындардың өз есебінен шығарылмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив