Өскемен
+9°
облачно с прояснениями ветер 3 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпір құрылысы 2014 жылы басталады

28.08.2013, 18:00 27 0


Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпір құрылысы 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында басталып, 18 айдың ішінде аяқталуға тиіс.Осынау ауқымды құрылысты Оңтүстік Кореяның «Posko E&C» фирмасы жүргізетін болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Бұл 2015 жылы облыс көлемінде салынатын ең ірі құрылыс нысаны болып табылады, – дейді Күршім ауданының әкімі А.Сейітов. – Оның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін 120 млн. теңге, ал жобалық-сметалық құжаттамасына 600 млн. теңге қажет болып отыр. Жалпы құрылысқа 17 млрд. теңге қаржы жұмсалатын болады. 243 беттен тұратын техникалық-экономикалық негіздеме қазір менің қолымда. Құйған ауылының тұсындағы ең енсіз жерден салынатын ұзындығы – 1300, ені – 13 метр болатын көпір Күршім – Үлкен
Нарын трассасына шығатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив