KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Өскемендіктерді жолдағы жөндеу жұмыстары мен аялдамалардың аздығы алаңдатады

26.08.2013, 18:00 109


«Абайлаңыз балалар!» жедел-алдын алу шараларының аясында ұйымдастырылған тікелей байланыс кезінде облыстық жол полициясы басқармасының бас маманы Сергей Коваленко шығысқазақстандықтардың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бір сағаттың ішінде жол сақшысына 13 сұрақ қойылса, олардың 7-уі Өскемендегі Космос-Михаэлис, Пограничная, Кабанбай батыр – Қазақстан, Москаленко көшелеріндегі жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болды.

Қала тұрғындарымен тікелей байланыс кезінде қоғамдық көліктерге қатысты проблемалар да көтерілді. Мысалы, №34 мектеп оқушыларының ата-аналары Космос көшесі бойында №17 автобустың аялдамасы жоқтығына алаңдайды.

Ал жүргізушілер Мызы-ҮМЗ айналмалы жолында жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетінін білгілері келді. Бұл сұрақтардың барлығы назарға алынып, құзырлы органдарға жолданды.

Тікелей байланыстың қорытындысын шығарған облыстық жол полициясы басқармасы басшысының орынбасары Дулат Нұрсолтанов осындай байланыстардың тиімділігін атап өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив