KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

«Восток» екі кездесуде де тең түсті

26.08.2013, 18:00 162


Футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасының командалары екінші кезеңнің кезекті ойындарын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Чемпионаттың бірінші кезеңінен кейін командалар екі топқа бөлінген болатын. Алғашқы алтылыққа: «Ақтөбе», «Астана», «Шахтер», «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы» командалар енді. Бұл командалар енді жүлделі орындарға таласатын болады. «Тобыл», «Восток», «Атырау», «Тараз», «Жетісу», «Ақжайық» клубтары біріншіліктегі өз орындарын сақтап қалу үшін бір-бірімен сынға түседі.

Өскеменнің «Востогы» екінші кезеңнің алғашқы ойынын өз алаңында «Тараз» командасының футболшыларымен өткізді. Кездесу аса тартысты өтті. Ойынның 35-ші минутында востоктық Вячеслав Эрбес есеп ашты. Одан соң қонақтар есепті теңестіру үшін барын сала қимылдап, мақсатына жетті. Кездесудің ең соңғы минутында тараздық шабуылшы алаң иелерінің қақпасына допты енгізіп, таразы басын теңестірді.

Ал 24-ші тамызда «Восток» Оралда «Ақжайық» футболшыларымен кездесті. Алаң иелері бәсеке басталған бетте ширақтау қимылдап, шабуылға шығып, қарсыластарының қақпасына алдымен доп енгізуге тырысып бақты. Ойынның 25-ші минутында бұрыштамадан берілген допты «Ақжайық» шабуылшысы Павел Черных қонақтардың кақпасына енгізді. Текетіреспен өткен бірінші таймда Вячеслав Эрбес команда капитаны Әли Әлиевтің әуелетіп берген добын торға дәл бағыттап, есепті теңестірді.

Ойынның екінші кезеңінде алдымен «Востоктың» ойыншысы Сергей Костюк, одан соң «Ақжайықтан» Хамана Саджо қарсыластарының қақпасына доп соқты. Нәтижесінде бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив