KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Алтайтану» орталығы ашылды

26.08.2013, 18:00 169


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумының аясында «Алтайтану» орталығы ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ғылыми-практикалық конференцияға әлемдік деңгейдегі танымал түркітанушылар, ғалымдар мен дипломаттар қатысуда. Конференция барысында түрлі тақырыптық көрмелер таныстырылды.

Атап айтқанда, «Түркі әлемінің құжаттар шежіресі» көрмесінде Семей қаласының Абай мұражайының «Сирек қолжазбалар қорынан» алынған кітаптар, Оңтүстік Қазақстанның әмбебап кітапханасы мен ШҚМУ кітапханасының кітаптары қойылды. Ал «Алтай-Ертіс кітапханасы» көрмесін Пушкин атындағы кітапхана таныстырды.

Өңір мұражайы түркі әлемінің өнері, тарихы мен археологиясынан сыр шертетін бірегей экспозициясын жұрт назарына ұсынды. Алтай табиғатының флорасы мен фаунасы «Алтайдың ғажайып табиғат әлемі» көрмесінде таныстырылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив