KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 4 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы өтті (+сурет)

25.08.2013, 18:00 303


Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы өтті. Форум жұмысы халықаралық ғылыми- практикалық конференция жұмысымен басталды. Конференцияға Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, ақын, жазушы, ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі – Олжас Омарұлы Сүлейменов, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы – Дүйсен Құрабайұлы Қасеинов, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлық лауреаты Нүрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы, әлемнің 12 мемлекетінің және Ресей Федерациясының 8 субъектісінен ғалымдар, мәдениет және өнер қызметкерлері, халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

«Ардақты ағайындар! «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» форумының халықаралық деңгейде екінші мәрте өткізілуі ұлықтауға лайық ұлағатты іс. Форум біздің ежелден қалыптасқан байланыстарымызды нығайта отырып, келешек қарым-қатынастарымызды айқындап, ата тарихымыздың бастауы Алтайда табылған рухани құндылықтарды игеруге жаңа мүмкіндік ашуға тиіс» делінген Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хатында. Хатты оқып берген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамед түбі бір түркі тілдес халықтардың ортақ үйі Алтайдың маңызына ерекше көңіл бөліп, форумды өткізіп отырған Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы өтті (+сурет)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы өтті (+сурет)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы өтті (+сурет)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы өтті (+сурет)

-Өмір толқынында талай халықтар құрып кетті. Тек ең мықтылары ғана тірі қалып отыр. Соның ішінде 21 ғасырға қазақтар да жетті. Бірақ 20-ғасыр бір үшін қорқынышты сынақ болды. Халқымыздың тең жартысынан айырылдық. Сондықтан, біз бәріміз қайдан екенімізді, кім екенімізді есте ұстауымыз керек. Біз әрқайсымыздың атымызды есімізге түсірдік, ал тегіміз бір – түркі, - деген Олжас Сүлейменовтың баяндамасын қатысушылар ұйып тыңдады.

Конференция барысында түркология мен алтаистика мәселелері, Еуразия кеңістігіндегі экономикалық интеграция, түркі әлемінің мәдениеті, экология мәселелері, т.б. мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, Алтайдың тамаша табиғатына арналған флора және фауна көрмесі, кітап көрмесі, түркі әлемінің тарих және археология, өнер салалары бойынша мұражай көрмесі ұсынылды.

Естеріңізге сала кетсек, форумды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті бірлесе өткізіп отыр. Тұңғыш рет мұндай форум 2011 жылы Өскеменде ұйымдастырылған болатын.

Форумның негізгі міндеті - түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтау, дамыту және насихаттау.
Биылғы форум мемлекеттік хатшының ұлттық тарихты модернизациялау және тарихи зерттеулерге жаңа тәсілдерді пайдалану туралы қойған міндеттерінің аясында ерекше маңызға ие болып отыр.

Жаңа міндеттер контексінде түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын толыққанды зерттеу ерекше өзектілік табады. Ендігі кезде мәдени мұраны толыққанды пайдаланып, болашақ ұрпаққа сақтап жеткізу үшін түркітілдес халықтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық бірлестіктерін объективті тұрғыда қайта қарастыру керек.
Форум аясында 26-тамыз күні сағат 15.00-де Солжағалау кешеніндегі этноауылдың киіз үйінде форумның келесі құрметті қонақтарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

27 тамыз күні Катонқарағай ауданы Берел ауылы маңындағы «Патшалар жазығында» өтетін музыкалық фестивальда өткізілмек.

Фестивальға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Монғолия, Қытай және басқа да мемлекеттерден, ұзын саны 51 өнер иесі қатысады өнер қайраткерлері қатысады.

«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» форумы - түркітілдес халықтардың жалпытүркілік мұраны сақтап, зерттеп, қайта жаңғырту және материалдық және рухани нысандарға инновациялау ісі бойынша жемісті серіктестікті дамытуға қатысты ұсынымдар шығарылатын үлкен сұхбат алаңы.

Шетелдік қонақтардың Форумға деген қызығушылығы қарастырылатын мәселелердің өзектілігімен шарттандырылады және оның географиялық тұрғыда түркітілдес халықтардың қалыптасуының басты үдерістері өткен Алтай тауларының басым бөлігін қамтитын Шығыс Қазақстанда өтуімен байланысты.

ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив