KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

БМВ көлігінің 29 жастағы жүргізушісі қағып кеткен жүргінші қаза болды

25.08.2013, 18:00 165


Өткен демалыс күндері облыста жаяу жүргіншілерді қағып кеткен екі оқиға тіркеліп, бір адам қаза болды, тағы бір жүргінші жарақаттанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында Тәуелсіздік даңғылы, 8-үйдің маңындағы реттелмейтін жүргіншілер қиылысында Нисан-Цефиро көлігінің жүргізушісі 46 жастағы әйелді қағып кетті. Зардап шеккен әйел бас жарақаты және сынықтармен ауруханаға жеткізілді.

Осы күні Семейдегі Глинки көшесіндегі жаяу жүргіншілер өтетін жерде автокөліктің доңғалағының астына түсіп қалған 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. БМВ көлігінің 29 жастағы жүргізушісі жүргіншіні өткізіп жібермей, қағып кеткен. Қазір осы жол-көлік апатына қатысты қылмысты іс қозғалды.

Облыстық жол полициясының аға инспекторы Ақгүл Атудинованың деректері бойынша, 2013 жылдың басынан бері ШҚ облысында жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді өткізбеуінен 99 жол оқиғасы тіркелді. Соның кесірінен 3 адам қайтыс болып, 107 жүргінші әртүрлі жарақат алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив