KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Денсаулық сақтау министрлiгінің екі Комитетіне жаңа басшылар тағайындалды

25.08.2013, 18:00 103


Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетi мен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің жаңа басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми хабарына сілтеме жасап.


Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері – Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің төрайымы болып Айжан Есмағамбетова бекітілді. Ол осы комитетте 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Айжан Есмағамбетова жетекші маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшы, ұйымдастыру-құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, комитет төрағасының орынбасары, Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған.
Бұған дейін Бас санитарлық дәрігер болған Жандарбек Бекшин «А» корпусына өте алмай қалған болатын.

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрігерлік және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитетінің төрайымы болып Лаура Ахметниязова бекітілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив