KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Аймақта алимент бойынша 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін қарызы бар әкелер бар

21.08.2013, 18:00 116


Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау депаратметі 1 қыркүйек білім күніне орай "Әке, алиментті төлеші!" атты акция өткізіп жатыр. Шараның мақсаты оқу маусымы басталғанға дейін өз баласының алдындағы заңды міндетін орындамаған азаматтардан өндірілетін қарыздың көлемін ұлғайту , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО бойынша сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап.

2 аптаға дейін жалғасатын акция кезінде сот орындаушылар алимент төлемейтін ата-аналармен белсенді жұмыс жүргізбек. Мамандар жұмыс орны мен тұрғылықты жерін жиі ауыстырып қашып жүрген азаматтарды ұстаудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануда. Департаменттің барлық аумақтық бөлімшелері акция кезінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесіп күні-түні рейд шараларын өткізуде. Мәселен осы аптада Өскемен аумақтық №1 және №2-ші сот орындаушылар бөлімі борышкерлердің үйін аралап, қарыз өндірді. Айта кету керек, алимент төлеуден қашып жүрген әкелерді қолға түсіру оңай емес. Мысалы, рейд кезінде өз баласының алдында 1 миллион теңгеге жуық қарызы бар бір борышкер үйінің есігін мүлде ашпай қойды. Сот орындаушыларға екінші әйелім сырттан қамап кетті деп сылтауратты. Заң бойынша сот орындаушылардың құлыпты сындырып кіретін құқығы жоқ. Сондықтан заңның осы осалдығын пайдаланған борышкерлер көп жағдайда қарыздарын өтемей жауапкершіліктен құтылып кетеді.

Аймақта алимент бойынша 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін қарызы бар әкелер бар
Аймақта алимент бойынша 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін қарызы бар әкелер бар
Аймақта алимент бойынша 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін қарызы бар әкелер бар
Аймақта алимент бойынша 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін қарызы бар әкелер бар

-Бізде алимент бойынша 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін қарыздары бар әкелер бар. Олар туған балалары алдындағы міндетін 10-15 жыл орындамаған азаматтар. Борышкерлер көп жағдайда үйінің есігін ашпайды, өз аттарына көлік немесе пәтер сияқты мүліктерді тіркемейді. Сондықтан біз алиментті өндіру кезінде осындай қиындықтарға тап боламыз, - дейді Өскемен аумақтық №1 сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы Ольга Гузенина.

«Әке, алиментті төлеші» атты акция бірінші қыркүйекке дейін жалғаспақ. Сот орындаушылар осы уақыттың аралығында алимент төлемейтін ата-аналармен белсенді күрес жүргізеді. Оның ішінде оларды борышкерлердің ортақ базасына енгізу, мүлкін тәркілеу сияқты жан-жақты жұмыстар атқарылмақ. Мамандар, сонымен бірге, борышын өтемегендерді әкімшілік сот шешімі арқылы қамауға алу мәселелерін де қолға алды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив